Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш облысында 23 ақпанда боран, тұман және басқа да қолайсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Оқи отырыңыз:
23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүсігінде тұман күтілуде.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 23 ақпанда тұман күтілуде. Оралда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында 23 ақпанда тұман күтілуде. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.