Еліміздің Түркі академиясымен ынтымақтастығы туралы заң жобасы талқыланады

19 Сәуір 2022, 14:05
1390
Бөлісу:
Еліміздің Түркі академиясымен ынтымақтастығы туралы заң жобасы талқыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. 

Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Қазақстанның Түркі академиясымен ынтымақтастық мәселелері туралы заң жобасы талқыланды.

Құжатты ратификациялау Түркітілдес елдер кеңесіне қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды қамтамасыз етуге және Қазақстанның түркі әлеміндегі рөлін арттыруға мүмкіндік береді.

2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің 2-ші саммиті барысында Түркі Академиясын құру туралы келісімге қол қойылған болатын. Академияның мақсаты түркі тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін сақтауға, дамытуға және танымал етуге, ортақ түркі тарихы мен этнографиясын кешенді оқытуды жүзеге асыруға, түркі халықтарының мәдени және рухани мұрасына, олардың әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесіне зерттеу жүргізуге, сондай-ақ олардың түркология саласындағы жетістіктері туралы әлем жұртшылығын хабардар етуге арналған зерттеулерді үйлестіру және жәрдемдесу болып табылады.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы