Еліміздің туристік орындарында 500-ге жуық қоғамдық дәретханалар жетіспейді

5 Қараша 2022, 03:34
903
Бөлісу:
Еліміздің туристік орындарында 500-ге жуық қоғамдық дәретханалар жетіспейді

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның туристік дестинациялары мен гранд-турларындағы инфрақұрылымның жай-күйіне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесінде кемшіліктер анықталып, ұсыныстар әкімдіктер мен бейінді мемлекеттік органдарға жіберілген.

Атап айтқанда, 493 дәретхана мен қоқыс контейнерлерін орнату, интернет пен ұялы байланыс сапасын арттыру, туристік базаларға дейін ішкі жолдарды салу керектігі анықталған. Сондай-ақ вокзал, жанармай құю станциялары, тамақтану пункттері мен басқа да нысандар тексерілді. 

Жергілікті атқарушы органдар "жұмсақ" инфрақұрылымды жақсарту, коммуникациялар жүргізу және дәретханалар салу бойынша жұмысты жандандыруы тиіс, - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, санитарлық-гигиеналық тораптарды таза ұстау үшін мемлекет ай сайын 83 мың теңге көлемінде субсидия беруге дайын. Әкімдіктер жіберген ақпаратқа сәйкес, жергілікті кәсіпкерлер тарапынан бұл механизм бойынша 11 өтінім мақұлданған. Оның үшеуі Ақмола облысынан, екеуі ШҚО және Абай облыстарынан, төртеуі Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, тағы екеуі Қостанай облысынан.

Өзгелердің жаңалығы