Еліміздің төрт төрешісі дзюдодан халықаралық дәрежеге ие болды

18 Мамыр 2022, 21:37
1665
Бөлісу:
Еліміздің төрт төрешісі дзюдодан халықаралық дәрежеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мамандарының қатысуымен дзюдодан жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған семинар мәресіне жетті. Семинар барысында қатысушылар білімін толықтырып, емтихан тапсырды, деп хабарлады Olympic.kz.

Төрешілер емтиханның практикалық бөлімін Алматыда өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия кубогі аясында тапсырды. 

Нәтижесінде төрт қазақстандық маман, атап айтқанда, Кенжезару Қашқынова, Варвара Масягина, Ерлан Тажиков және Бауыржан Шадраимов емтиханнан сәтті өтіп, IJF халықаралық дәрежедегі төреші атағына ие болды. 

Айта кетерлігі, IJF International категориясы отандық төрешілердің IJF күнтізбесіне сәйкес өтетін Гран-при, Grand Slam, Мастерс жарыстары мен әлем чемпионаты, сондай-ақ, Олимпиада ойындарында төрешілік қызметін атқаруға мүмкіндік береді. 

Өзгелердің жаңалығы