Еліміздің телефон коды +77 нөміріне ауысуы мүмкін

14 Наурыз 2023, 13:12
1787
Бөлісу:
Еліміздің телефон коды +77 нөміріне ауысуы мүмкін
Фото: Turkmenportal

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан телефон кодын +77 нөміріне ауысатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Цифрлық даму министрі халықаралық электр байланыс одағының +997 кодын бергенін және оның резевке қойылғанын айтқан еді. Алайда, Мусин АҚШ-қа барғанда ITU ұйымы басшысына +7 кодынан +77 кодына ауысуды ұсынған.

Біздің қазіргі нөміріміз +7 деп басталады. АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен  осы мәселені тағы да талқыладық. Өйткені +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге  рұқсат беріліп, резевке қойылған. Алайда, осы нөмірге көшпей-ақ оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Яғни +77 болсын деген ұсынысты енгіздік. Ол ITU ұйымы бұл шешімді бірнеше талқылауға салатыны анық, - деді Бағдат Мусин.

Ведомства басшысы Қазақстанда басқа елдермен бірге қолданылып жүрген  +7 емес, өзінің +77 коды болатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы