Еліміздің сыртқы саудасы 35 пайызға өсті

15 Қараша 2022, 10:22
1100
Бөлісу:
Еліміздің сыртқы саудасы 35 пайызға өсті

Қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 35 пайызға өсіп, 98,4 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров  мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 47,5 пайызғп өсіп, 63,8 млрд долларына дейін ұлғайды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 37,5 пайызға өсіп, 19,3 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,6 млрд долларына тең.Жалпы, оң сауда балансы – 29,3 млрд доллар, – деді ол.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі оң өсімді сақтап келеді. Осы жылғы қаңтар-қазандағы өндіріс көлемі 4,3 пайызға өсті.

Сондай-ақ Қуантыров өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Қызылорда, Шығыс-Қазақстан және Батыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында екенін атап өтті. 

Көрсеткіш өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсімді көрсетті. Елімізде машина жасау өндірісі 7,7 пайызға өсті, – деді Ұлттық экономика министрі.

Өзгелердің жаңалығы