Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай

21 Мамыр 2024, 19:01
466
Бөлісу:
Еліміздің су қоймаларындағы бүгінгі жағдай қалай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Атырау облысынан өзге Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі – 577 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1020 см. «Қазсушардың» жергілікті филиалының мамандары тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 95%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,9%. Абай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толы. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істейді.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы