Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 21-ші наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
Циклон жырасының және атмосфералық фронтардың әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашын мен желдің күшеюі, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі. ҚР бойынша тұман, еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында-көктайғақ, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында – жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ, түнде солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, облыстың оңтүстігінде 23-28 м/с жетеді. Павлодар облысының түнде солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз батыста екпіні 25 м/с, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман кұтіледі, солтүстік-батысында, батысында, орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жаяу бұрқасынмен, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының түнде тауларында, күндіз басым бөлігінде - тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз оңтүстік-батысында - желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында - тұман, шығысында желдің күшеюі 17-22 м/с күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында – тұман, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында – жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының солтүстігінде - тұман, күндіз солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде - тұман, солтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.