Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 4 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
10 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, боран соғады, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде желдің күші - 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде және Көкшетау қаласында тұман түседі, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерде жел қарқыны - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 21°С дейін қатты аяз сақталады.