Еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға мамандардың ескертулерін ескеріп, денсаулығын қорғау шараларын сақтағаны дұрыс.

 pixabay 28 Қазан 2026, 07:16
28 Қазан 2026, 07:16
110
Фото: pixabay

28 қазанда Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» мамандары тұрғындарға ауа райы факторларын ескеріп, сырттағы уақытын жоспарлауға кеңес берді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында болжанып отыр.

Желдің бәсеңдеуі, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына әсер етеді. Соның салдарынан елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына кері ықпал етуі мүмкін.

Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болу уақытын қысқартуға кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн. Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрілерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ ашық ауадағы дене жүктемесін шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысу ұсынылады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға мамандардың ескертулерін ескеріп, денсаулығын қорғау шараларын сақтағаны дұрыс.

Наверх