Еліміздің қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады?

23 Маусым 2023, 18:02
1581
Бөлісу:
Еліміздің қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады?
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазгидромет шілде айына ел аумағында өңірлердегі құрғақшылықтың алдын ала болжамын шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алджын ала болжамға сәйкес шілдеде Қазақстанның басым аймағында ылғалдану жағдайы қалыпты болады деп күтіледі, алайда ылғал тапшылығы бар аймақтардың ауданы ұлғаяды. Мәселен Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Жангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін, - делінген ведомство хабарламасында.

Еліміздің қай өңірлерінде қатты құрғақшылық болады?

Кей аймақта құрғақшылық бірқалыпты деңгейде болады. Атап айтқанда:

  • Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
  • Қостанай облысының Амангелді ауданында,
  • Ақтөбе облысының Әйтекеби, Ырғыз және Хромтау аудандарында,
  • Ұлытау облысының Ұлытау ауданында,
  • Атырау облысының Қызылқоға ауданында,
  • Қызылорда облысының Шиелі ауданында.

Айта кетейік, барлық агрометеорологиялық болжам ҚР АШМ ұсынылады, www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы