Биыл 350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.
Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала. Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: