Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көпшілігінің қоймасы 100 пайыз толған. Мәселені тез арада шешпесе, тарихи дереккөздер жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Президент жанындағы Адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында айтты деп хабарлады 24.kz.
Оның айтуынша, республиканың орталық мемлекеттік архивінде есептелген көлемнен 1,5 есе көп құжат сақтаулы тұр. Жылдан-жылға құжаттар көбейгенімен, штат саны кеміп барады. Білікті мамандар жоқтың қасы.
Архивте жұмыс істеп жүргендердің тек 2,5 пайызы ғана мамандығы бойынша білім алған. Электронды архив жұмысы қосылғалы техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артты.
Мәселені шешу үшін былтыр қызметкерлер жалақысын 50 пайызға өсірді. Архивте жұмыс істеу денсаулыққа зиян екенін ескеріп, қосымша төлем жасалатын мамандықтар тізіміне қосуға ұсыныс жасалған. Алайда қабылданбаған.
Биыл біз сұраныс бердік инфрақұрылым министрлігіне. 200 млн. 1-1,5 млн құжаттарды сақтай алатын осы типтік жобалау құжаттарын жасауға ұсыныс бердік. Биыл республикалық комиссиядан өтіп жатса 2022 жылы осы типтік құжаттарды алып, біз әрине бүкіл республикаға таратып, осы типтік құжаттардың негізінде архивтік жаңа ғимараттарды салуға дайындықты жасаймыз, - деді Ақтоты Райымқұлова.