«Қазгидромет» синоптиктері дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады BAQ.KZ.
Еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Ауқымды солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында фронталды аймақ әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.
Кей өңірлерде жел күшейіп, түнде және таңертең 2 градусқа дейін үсік сақталады. Сондай-ақ күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.