Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

31 Наурыз 2021, 14:44
2553
Бөлісу:
Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың төртінші тоқсанында  бір үй шаруашылығына азық-түлік өнімдеріне орташа есеппен 319,4 мың теңге жұмсады.  Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға артық. 

Барлық шығындардан азық-түлік өнімдеріне кеткен шығын үлесі 52,7 пайыз. Бұл бір жыл бұрын 49,2% пайыз болған еді. Жалпы, 2020 жылы бұл көрсеткіш 54,2%-ды құрады, 2019 жылы бұл көрсеткіш 49,4 пайыз болған еді. 

Азық-түлікке ең көп шығынданғандардың қатарында Атырау (2020 жылдың төртінші тоқсанында 404,7 мың теңге), Түркістан (393,2 мың теңге) және Қызылорда (383,6 мың теңге) облыстары кірген. Атырау және Түркістан облыстарында да бұл ретте барлық тұтыну шығынынан азық-түлікке жұмсалатын шығындардың ең жоғары үлесі тиісінше 62,8% және 61,1%-ды құрайды. 

Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

Негізгі азық-түлік өнімдеріне тұтынушылық шығынның басым бөлігі ет және ет өнімдеріне тиесілі - 18,6%. Тағы 7,8% нан өнімдері мен жарма өнімдеріне, 5,2% - сүт және сүт өнімдеріне тиесілі. 

2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 кг ет және ет өнімдерін, 35,5 кг нан өнімдері мен жарма өнімдерін, 63,4 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынған. 

Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 83,9 кг ет және ет өнімдерін тұтынған. Ең көп тұтынған Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындары. Олар орта есеппен жан басына шаққанда 101,7 және 100,7 келі ет алған. 

Ет және ет өнімдерін ең аз тұтынған бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында байқалды, онда 2020 жылы орта есеппен жан басына шаққанда Шымкентте (елдегі үшінші ірі мегаполисте) 53,4 кг ет және ет өнімдері келеді. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында 63,8 келіден болды. 

Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында азық-түлік өнімдері 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда 10,6%-ға қымбаттаған.

Еліміздің қай өңір тұрғындары етті көп тұтынады

Бағаның ең жоғары өсуі елордада және Павлодар облысында (11,2% - ға), сондай-ақ Шымкентте (11,1%) байқалды. Ет және ет өнімдерінің бағасы бас қалада 12,7%-ға, Павлодар облысында 11,2% - ға, Шымкентте 10,9%-ға өскен. Еліміз бойынша ет және ет өнімдері орташа есеппен 12,1%-ға қымбаттаған.
 

 



Өзгелердің жаңалығы