Еліміздің ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумға біріктірілді

12 Ақпан 2024, 19:10
316
Бөлісу:
Еліміздің ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумға біріктірілді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумға біріктірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше,  Астанада Қазақстан Республикасындағы отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумының бірінші отырысы өтті. 

Консорциум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қоластында жұмыс істейтін болады. 

Еліміздің ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумға біріктірілді

Оның құрамына 12 ғылыми ұйым кіреді, олардың ішінде «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ және т.б. 

Кездесуге қатысушылар Консорциум аясында күш біріктіруге дайын екендіктерін жеткізді және 2024 жылға арналған қызметтің негізгі бағыттарына қатысты пікір алмасты. 

Еліміздің ғылыми-зерттеу ұйымдары консорциумға біріктірілді

Қорытындылай келе, Консорциумға қатысушы ұйымдардың бірінің бірыңғай платформасында, сайтында зерттеулерді жүйелендіру, сондай-ақ осы саладағы кадрларды даярлау бойынша мәселені пысықтау тапсырылды. 

Сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясат, демография саласындағы зерттеулер үшін Ұлттық комиссияның арнайы сыйлығын құру туралы ұсыныс айтылды.

Өзгелердің жаңалығы