Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының нашарлауына байланысты СҚО мен Ақтөбе облысының жолдарында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
7 наурызда сағат 17.00-де Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар жолында барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды:
1. «Булаево – Возвышенка – Молодогвардейское – Киров – Қиялы – Рощинское», 0-68 шақырым, Қиялы және Рощинское ауылдарының аралығы.
2. «Волошинка – Сергеевка - Тимирязево», 33-119 шақырым, Кривошеково және Тимирязево ауылдарының аралығы.
3. «Рощинское-Корнеевка-Волошинка», 0-87 шақырым, Рощинское және Волошинка ауылдарының аралығы.
Ал сағат 17.00-де Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың көрінбеуі) «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырымы, Қарабұтақ кенті мен Ырғыз ауылының арасында жүк және қоғамдық автокөлік түрлері үшін шектеу енгізілді.