Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
24 Қаңтар, 21:28 677

Еліміздің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қаңтарда Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

25-27 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. 25 қаңтарда Қызылордада тұман түсуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде де тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Естеріңізге сала кетейік, 25 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...