Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Бұл туралы СOVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.