Еліміздің екі аймағында дауылды ескерту жарияланды

27 Мамыр 2019, 15:13
1616
Бөлісу:
Еліміздің екі аймағында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ШҚО және Қостанай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

"Түнде 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде 3 градус үсік күтіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, күндіз 28 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында күндіз 28 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.


 
Өзгелердің жаңалығы