Еліміздің болашағы үшін дауыс беру маңызды – астаналық зейнеткер 

Зейнеткер осы уақытқа дейін бірде-бір сайлауды өткізбеген.

 BAQ.KZ  Кеше 2026, 08:22
Кеше 2026, 08:22
192

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біз Астана қаласындағы «Astana Ballet» театры ғимаратында орналасқан №149 сайлау учаскесіне бардық. Мұнда барлығы 2435 сайлаушы тіркелген.

Олардың ішінде екі адам денсаулық жағдайына байланысты үйден дауыс береді. Учаскедегі ең үлкен сайлаушының жасы – 82-де. Ал бірінші рет дауыс беретін 18 жастағы жастардың саны – 56.

Алғашқылардың бірі болып зейнеткер Алма Сатыбалдина өз таңдауын жасады. Ол елімізде өтетін бірде-бір сайлауды жібермей, тұрақты түрде қатысатынын айтты.

Осы уақытқа дейін бірде-бір сайлауды өткізіп алған емеспін. Әр азамат сайлауға қатысып, өз дауысын беруі керек деп ойлаймын. Еліміздің тыныштығы мен болашағы, жақсы жаңалықтардың бәрі осындай маңызды шешімдер арқылы айқындалады. Сондықтан соңымыздан ерген жас ұрпақты да белсенді болуға, ел тағдырына бейжай қарамауға тәрбиелеуіміз керек, – деді ол.

Айта кетейік, референдумға дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Наверх