Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Еліміздің болашағы": Бағдат Мусин суперкомпьютерді көрсетті

20 Маусым 2025, 17:37
1408
Бөлісу:
 Бағдат Мусиннің телеграм арнасы
Фото: Бағдат Мусиннің телеграм арнасы

«Қазтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин өзінің Instagram парақшасында әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің бірі – NVIDIA H200 суперкомпьютерінің қалай көрінетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарияланған видеода қоймаға шамамен 50 қорап түсіріліп жатқаны көрінеді. Мусиннің айтуынша, бұл қораптардың ішінде заманауи суперкомпьютердің негізгі құрамдас бөліктері бар.

«Қазақстанның болашағы» болатын темір қондырғының аман-есен келгеніне көз жеткізіп, көңіліміз орнына түсті. Видеокарталар орнында екен. Біздің NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютеріміз қазірдің өзінде елде, – деп жазды ол.

Бағдат Мусиннің айтуынша, бұл технологиялар жасанды интеллектіні дамытуға, үлкен деректерді талдауға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қадам Қазақстанның технологиялық егемендігіне және әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама екенін атап өтті.

Жоспар бойынша, суперкомпьютер алдағы бірнеше айда орнатылып, толық іске қосылады.

Өзгелердің жаңалығы