Еліміздің бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды

2 Қазан 2023, 14:00
941
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Қазақстанның бірқатар өңірінде жылыту маусымы басталды. Ең алдымен, әлеуметтік нысандар жылытуға қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% - ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8% - ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8% - ы қосылған.

3 қазанда Алматы облысында; 10 қазанда Ұлытау облысында; 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтілуде.

Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы