Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

7 Қыркүйек 2021, 21:50
968
Бөлісу:
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райына байланысты мәліметті «Қазгидромет» РМК таратты.

Түнде 8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

8 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Түнде 8-9 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Петропавлда ертең түнде тұман күтіледі.

 Түнде 9 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

8 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, тәулік бойы солтүстігінде, күндіз шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Көкшетауда 8 қыркүйекте найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Ертең түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші облыстың солтүстік-батысында және орталығында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

 


Өзгелердің жаңалығы