Еліміздің батысында қалың тұман түседі

25 Қараша 2021, 08:00
1406
Бөлісу:
Еліміздің батысында қалың тұман түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 25-ші қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын «Қазгидромет» РМК жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын, күндіз елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аумақтарда және  шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек ҚР батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің батыс жартысында, орталығында тұман күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі, түнде таулы аудандарда - жел 15-20 м/с, күндіз – 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында төмен бұрқасын, жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с жел күшейеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында  жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде  тұман, шығысында, орталығында жел  15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының  солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28  м/с жетеді. 

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел күшейед. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Маңғыстаудың батысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді, Ақмола облысының оңтүстік – шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік – батысында көктайғақ, тұман, Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде,  шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Атырау облысының батысында тұман күтіледі.



Өзгелердің жаңалығы