Еліміздің басым өңірлерінде аяз сақталады

8 Желтоқсан 2023, 15:26
925
Бөлісу:
Еліміздің басым өңірлерінде аяз сақталады
Фото: BAQ.KZ - архив

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 09-11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы үш тәулікте арктикалық антициклонның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі. 

Ал атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың шығысында қар жауады, Қазақстанның оңтүстік-батысында және оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады, республиканың оңтүстігінде 09-11 желтоқсанда тау бөктерінде және таулы аймақтарда қатты қар жауады.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста 20-37 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігінде 40-46 градус аязға дейін, орталықта және шығыста 25-35 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда тұман болжанады.

Өзгелердің жаңалығы