Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

3 Сәуір 2023, 17:28
761
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Фото: qarmaqshy-tany.kz

Қазақстан бойынша 2023 жылғы 04-06 сәуірге арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерорта теңізі аудандарынан жылжыған Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдерден Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, 05-06 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 

Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 06 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. 

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы