Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

23 Ақпан 2023, 09:08
1070
Бөлісу:

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 23 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығысында ғана жауын-шышынсыз ауа-райы сақталады. 

ҚР бойынша көктайғақ болып, тұман түседі. Жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Өзгелердің жаңалығы