Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

8 Сәуір 2022, 11:16
1298
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Фото: Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет Қазақстан бойынша 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Алдағы үш тәулікте, Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктердің әсерінен, тұрақсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болады. 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда, кейде найзағай ойнап, нөсер болады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандары ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз болып, температура біртіндеп жоғарылайды.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы