Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

5 Наурыз 2023, 09:05
1067
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, көктайғақ болады

«Қазгидромет» РМК 5 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде 6 наурызда өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбыр мен қар, тұман болжанады. Күндіз 5 наурызда облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Өңірдің солтүстігі мен батысында көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 23 м/с жетуі мүмкін.

Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Күндіз Абай облысында – жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысы мен орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 25 м/с артады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 23 м/с артады.

Өзгелердің жаңалығы