Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

4 Маусым 2019, 15:26
2085
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

5 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанайда да 5 маусымда найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Өскеменде 5 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семейде 5 маусымда найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан cоғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы