Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

14 Желтоқсан 2021, 08:44
1101
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсы болады. 

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, жауын-шашын, тауларда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар облысында, Қостанай облысының шығысында тұман түседі. 

Алматы облысының солтүстігінде және шығысында – тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз таулы асуларда желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысының батысында, күндіз Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Қ

ызылорда облысының орталығында – тұман түсіп, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таулы аудандарда жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Өзгелердің жаңалығы