Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

26 Желтоқсан 2021, 10:01
1624
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде қар жауады. 

Еліміздің батысында, оңтүстік бөлігінде жауын-шашын болады, таңертең және күндіз таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады, тұман болады. 

Елдің оңтүстігінде, батысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстік-батыста тұман, көктайғақ, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күтіледі.

 Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, таулы аудандарында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы