Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады

9 Қазан 2021, 09:36
1887
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қазан күні антициклон жотасы әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болады. 

Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыс бөліктегі таулы аудандарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 27 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метге дейін күшейеді. 

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстік - батысында тұман түсуі ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы