Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

5 Қазан 2021, 08:27
1047
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік-батыс жотасынан келген антициклон ел аумағына қарай жылжып, салдарынан ауа температурасының төмендеуіне себеп болады.

Алайда өтіп бара жатқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әсерін сақтайды – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарын тұман басады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан облысында түнде және таңертең, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысында түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

 Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде көктайғақ, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады, күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысын тұман басып, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы