Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады.
Елдің шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, республиканың солтүстігінде және шығысында бұрқасындатады.
Елдің батысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және орталығында, түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, түнде батысында, солтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болады, басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының батысында және таулы, тау бөктері аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында 15-20, екпіні 23 м/с дейін жел күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады, жел 18 м/с күшейеді.
Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады.
Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Жамбыл облысының таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, батысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жел тұрып, күндіз солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады.