Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

7 Қаңтар 2024, 20:30
1088
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: Архив BAQ.KZ

"Қазгидромет" синоптиктері 8 қаңтарға дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Астанада және бірқатар облыстарда қауіпті ауа райы құбылыстары болжанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматыны таңертең және күндіз тұман басады. Қонаевта да күндіз тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Шымкентте және Түркістанда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында және солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болады деп болжанды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Петропавлда қарлы боран соғады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде қалың қар жауады. Боран мен көктайғақ болады. Желдің екпіні кейде 30 м/с немесе одан да көп.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жел 30 м/с және одан да көп соғады. Павлодар облысында қар жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 23-28 м/с. Павлодарда бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы