Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын мен тұман күтіледі

25 Желтоқсан 2024, 21:05
405
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын мен тұман күтіледі

Қазақстан бойынша 26-28 желтоқсанға арналған  ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсында, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан тағы да солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады.

Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады , елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер күтілмейді.

Өзгелердің жаңалығы