Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 шілдеде еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы