Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды – Қарин әлеуметтік желідегі алып-қашпа әңгімені жоққа шығарды

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 17:36
172
Бөлісу:
 Конституциялық соттың баспасөз қызметі
Фото: Конституциялық соттың баспасөз қызметі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияда әлеуметтік желіде “елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді” дегендерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конституциялық комиссия мүшесі ретінде қоғамда талқыланып жатқан бірқатар тақырыпқа қатысты өз ойымды білдіруді жөн санадым. Біріншіден, еліміздің аумақтық тұтастығына ешқашан қол сұғылмайды және ол ешқашан өзгермейді. Осылай тағы да қайталап өтуіміз керек, себебі кейбір азаматтардың “Ата Заңда елдің әкімшілік-аумақтық тұтастығы өзгереді” деген пікірі – жалған ақпарат, - деді ол.

Ерлан Қарин жаңа преамбулада мемлекеттік шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылғанын жеткізді.

Жаңа преамбулада мемлекеттік шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған. Сол секілді 2-баптың 6-тармағында “Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы өзгермейді” деп нақты көрсетілген. Бұл – Қазақстанның аумақтық тұтастығы мәселе ретінде талқыланбайды деген сөз. Тіпті, референдумға да болашақта мұндай мәселелер шығарылмайды дегенді білдіреді. Мұны бүкіл ел азаматтары білуі керек, - деді Мемлекеттік кеңесші.

Өзгелердің жаңалығы