Еліміздің әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды

20 Қараша 2023, 14:55
628
Бөлісу:
Еліміздің әуе көліктері Новосибирск қаласына қайта ұша бастайды
Фото: Көлік министрлігі

Мәскеу қаласында өткен көлік апталығы шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев ресейлік әріптесі Виталий Савельевпен кездескен болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, тараптар екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылаған.

Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Qazaq Air әуе көліктерінің Новосибирск қаласына қайта ұша бастауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Осылайша желтоқсан айынан бастап аталған әуе компаниясы Астана–Новосибирск бағыты бойынша рейстерді аптасына 5 рейске дейін және Өскемен–Новосибирск бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілікпен орындауды жоспарлап отыр. 
 

Өзгелердің жаңалығы