Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

24 Қазан 2021, 18:54
1370
Бөлісу:
Еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алты өңірінде 25 қазан күні қатты жел мен тұман салдарынан дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

25 қазан күні түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтілуде. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күннің соңында облыстың батысында 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Желдің бағыты – солтүстік-шығыстан, күннің соңында 15-18 м/с құрайды.

25 қазан күні түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертен тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с-ты құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде екпіні 15-20 м/с жетеді күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы