Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды

24 Ақпан 2023, 19:02
811
Бөлісу:
Еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды
Фото: gov.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 25 ақпанда Алматы қаласында және сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұман басып, көктайғақ болып, боран соғады деп күтілуде.

2023 жылдың 25-27 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматыға іргелес жатқан аумақтарда қар қарқынды еріп, өзендердегі су деңгейі көтеруі ықтимал. Су басу қаупі бар.   

Өзгелердің жаңалығы