Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

15 Қаңтар 2024, 10:10
1236
Бөлісу:
Еліміздің 7 облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: Polisia.kz

7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 13 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Qazavtojol ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысында – 1 учаске 

1.«Омск-Майқапшағай» 910-1002 км, Қалбатау а. -Көкпекті а. – 92 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс, көктайғақ) Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. 

Жамбыл облысында – 3 учаске 

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. 

2. «Мерке-Бурылбайтал» 161-273 км, Бірлік а. -Бурылбайтал а. -112 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады 

3.«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Туркістан обл. шек. – 59 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (екпінді жел, қар арлас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс) 

Жетісу облысында – 1 учаске 

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс, екпінді жел) 

Қостанай облысында – 1 учаске 

1.«Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Арқалық қ. - Ұлытау обл. шек. – 83 км. (Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты) Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске 

1.«Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шек.» 213-280 км, Кішкенекөл -РФ. шек. – 67 км. 

2.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 62-228 км, Возвышенка а. -Рощинское а. – 166 км. 

3.«Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 0-87 км, уч. Рощинское а. -Волошинка а. – 87 км. 

4.«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» 0-119 км, Волошинка а. -Тимирязево а. – 119 км. 

5. «Тимирязево-Сарыкөл -облыс шекарасына дейін» 0-32 км, Тимирязево а. -граница 

Қостанай обл. шек. – 32 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс). Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. 

Түркістан облысында- 1 учаске 

1.«Алматы-Ташкент-Термез» 593-654 км, Түркістан обл.шек. -Жібек Жолы а.( Машат өткелі арқылы) – 61 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді. 

Ұлытау облысында – 1 учаске 

1.«Жезкқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау а. -Қостанай обл.шек. – 188 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. 

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 524 бірлік техника және 860 адам жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы