Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

25 Маусым 2020, 17:16
1333
Бөлісу:
Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.

26 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда қаласында 26 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%. 

26 маусымда Атырау облысында солтүстіктен соғатын жел түнде көп бөлігінде, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күтіледі. 

Атырау қаласында 25 маусымда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 80-85%. 

26 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с
күтіледі.

Қостанай қаласында 26 маусымда найзағай, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

26 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады, - делінген хабарламада.

Көкшетау қаласында 26 маусымда найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%. 

26 маусымда Батыс Қазақстан облысында кей жерде солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.                       

Орал қаласында 26 маусымда солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Күндіз 26 маусымда Алматы облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. 

Күндіз 26 маусымда Талдыкорган қаласында  36 градусқа дейің қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%. 

26 маусымда күндіз Маңғыстау облысында кей жерде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қаласында 26 маусымда күндіз шаңды дауыл, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%. 

Өзгелердің жаңалығы