Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары бірнеше облыста дабылды ескерту жасады.
Күндіз 30 маусымда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.
30 маусымда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз 30 маусымда найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
Күндіз 30 маусымда Ақтөбе облысында кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.
30 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, дауыл, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%, - делінген хабарламада.
Күндіз 30 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 30 маусымда кей жерде найзағай, бұршақ, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында күндіз 30 маусымда найзағай, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.