Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды.
2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды. 27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр.
Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді.
Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді, - деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.