"Қазгидромет" ауа райына байланысты 27 қазанда бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады.
Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Астана қаласында 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с.
Шымкент қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.
27 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тәулік бойы 27 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.