Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

13 Шілде 2021, 11:08
1321
Бөлісу:
Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13-14 шілде күндері еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с болады.

Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл соғып, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр, кей жерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында нөсер жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с. Кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорган қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Іле Алатауы, Жетысу Алатауы: күндіз кей жерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыс желі, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қырғыз Алатауы: кей жерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерде 15-20, таңертен және күндіз екпіні 23-28 м/с.

Талас Алатауы: таңертен және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл. Батыс, солтүстік-батыс желі, таңертен және күндіз екпіні 17 м/с.

Батыс Алтай: кей жерлерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерде 15-20 м/с.

Тарбағатай: күндіз кей жерде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей жерде 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Тараз қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде дауыл, бұршақ күтіледі.

Қарағанды қаласында найзағай күтіледі.

Жезқазған қаласында солтүсік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 16 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерде найзағай, бұршақ, дауыл, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қаласында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қаласында шаңды дауыл, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады. Табиғи өрттердің болуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жануы, найзағай.

Өзгелердің жаңалығы