Еліміздің төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

27 Наурыз 2020, 08:45
1237
Бөлісу:
Еліміздің төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 наурыз күні Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні ауа сапасының нашарлауы Балқаш, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.


Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы